Қоғам • 12 Мамыр, 2020

Ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыханов қайтыс болды

639 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыханов қайтыс болды.

Ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыханов қайтыс болды

Қайрат Тұрлыханов 1960 жылы Шығыс Қазақстан облысының Таскескен ауданында дүниеге келген. Еуразия нарық университеті мен «Қайнар» университетін бітірген.

1995-1998 жылдары «Бақты» кеден бекетін басқарды.

2001-2002 жылдары Семей қаласының әкімі қызметін атқарды.

2006 жылы ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі болды.

2007 жылдан ҚР Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі болып қызмет істеді.

2010 жылдан «Ақпараттық өндірістік орталық» директоры. «Құрмет» ,«Парасат» ордендерімен марапатталған. «2М органында 15 жыл қызмет еткені үшін»,«ҚР Конституциясына 10 жыл» медальдары бар. Республикалық ауыр атлетика федерациясының президенті, Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметтерінде болған. 

Соңғы жаңалықтар