«Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан Қазақстан ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті, Азия ауыр атлетика федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі, танымал қоғам қайраткері Қайрат Тұрлыхановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.
Қайрат ағамыз саналы ғұмырында қазақ спортының қарқынды дамуына өлшеусіз үлес қосты. Талай байрақты бəсекеде жас зілтеміршілердің танылуына атсалысып, ұлттық құрамамыз жоғары нəтижелерге қол жеткізіп келеді. Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын!»,- деп жазылған көңіл айту хатында.