25 Қыркүйек, 2013

Кеңестік Қазақстан тарихы

1540 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1929-1932 жж. қазақ ша­руа­ларының көтерілістері болды. Қазақстанда ұжымдастыру қар­саңында 140 факторийлер қыз­мет етті (көшпелілердің коо­пе­ративтік бірлестіктері). Ком­мунистік партияның ХV съезі ұжымдастыру барысында «дамыған кооперативтік ба­ғыт­ты» құруды ұсынды. Қазақ­стандағы ұжымдастыруды «ауыл­ды кеңестендіру» ұранын ұс­танып, таптық күрес бағы­тын шиеленістірген Ф.И. Голо­ще­кин басқарды.

История Советского Казахстана каз 11

1929 ж. екінші жартысында рес­публикада колхоздық қоз­ға­лыс жеделдете дамыды, ұжым­­дас­тыруды жүргізуге пар­тия жұ­мысшыларды тарта бастады. Ұжымдастыруға тар­тылған жұмысшылар ұжым­дастырудың мәнін же­те тү­сін­беді. Пар­тия­ның ша­барман­дары далалық жер­лерде ресейлік деревня жоба­сын ор­нат­пақты көздеді. Ұжымдас­тыру барысында коман­да­лық-әкімшілік әдіспен әре­кет ететін белсенділер қалып­тас­ты. Ұжымдастыруға жал­тақ­­пен қараған және сенім­сіз­дік танытқандардың бар­лы­ғы кулактар қатарына жат­қы­зылды. Қатаң жаппай террор ұжымдастыру идеясының беделін түсірді. Ұжымдастыру жергілікті жағдайларды еске алмай жүргізілді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру қа­зақ­­тар­дың ғасырлық өмір сү­ру тәр­тібін бұзды. Қатты аш­тық бас­талды. Бірқатар облыс шаруалары Иран мен Ауғанстанға үдере көшіп кетті.

1930-1932 жж. аштық та­рихқа қазақ халқына үлкен қай­ғы мен қасірет әкелген «ҰЛЫ ЖҰТ» жылдары болып енді.

1929-1931 жж. Қазақстанда қа­рулы қозғалыстар тол­қыны болып өтті. Бар­лы­ғы 372 көтеріліс бол­ған. Ұжым­дастыруға қар­сы­лық көрсеткен бү­лікшіл аудан – Қарақұм бол­ды. Со­зақ ауданындағы күш­теп ұжым­дас­­ты­руға қарсы бол­ған көте­ріліс табандылықпен, шебер ұйым­шыл­дықпен ерек­шеленді. Бат­паққара көте­рілісі бандиттік-бас­маштық қозғалыс ретінде баға­ланды. 1931 ж. Қарқаралы уезінде күштеп ұжымдастыруға қарсы болған шаруалар жаппай құр­тылды. «Көтеріліс бан­дит­тері» қылмыстық ісін сотсыз орган «үштік» қарастырды. Ха­­лыққа жасалған геноцид үшін партиялық-мемлекеттік бас­шы­лардың ешбірі жауап­кер­шілікке тар­тылмады.

Соңғы жаңалықтар