Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Есепте тұратындар еріктіге айналды

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Байқоңыр қалалық пробация қызметінде 101 азамат есепте тұр. Қаладағы «Жастар ресурстық орталығы» волонтерлері қатарына осы есепте тұратын азаматтар да қосылып, қайырымдылық шарасына үлес қосты.

Есепте тұратындар еріктіге айналды

Олар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік себеттерін сыйлап, бүгінгі бейбіт күнге жеткізген қарияларға алғыстарын білдірді.

Еріктілер тыл ардагері Күнзила Кішкенееваны құттықтап, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл төсбелгісін тағып, сыйлықтарын  табыстады. Күнзила әже тылдағы тынымсыз еңбегімен жеңісті жақындатқандар жайлы естелік айтып, өздерін құрметтеген жастарға алғысын жеткізді.