Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

ҚҚҚ талдау орталығы: Пандемия кезіндегі қолма-қол ақшасыз төлемдер драйвері

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚҚҚ талдау орталығы оқырмандарымыздың назарына 2020 жылғы 01 сәуірдегі жағдайға сәйкес, қолма-қол ақшасыз карточкалық төлемдер бойынша жүргізілген статистикаға жасалған шолуды ұсынады

ҚҚҚ талдау орталығы: Пандемия кезіндегі қолма-қол ақшасыз төлемдер драйвері
  • Қазақстан аумағында жасалған қолма-қол ақшасыз карточкалық төлемдер көлемі 2020 жылдың наурыз айында 16% ға өсіп, 2 146,7 млрд теңгені құрады.
  • Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алуға қатынасы наурызда 145% -дан 161%-ға дейін өсті, бұл қолма-қол ақшасыз төлемнің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алудан тұрақты басым екенін көрсетеді.
  • Карточкаларды пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша «орташа чек» наурыз айында 13 279 теңге белгісіне дейін 14,9%-ға өсті, ал банкоматтан алу сомасының орташа мөлшері 5,6%-ға артып, 48 184 теңгені құрады.
  • Қазақстан аумағында наурыз айында жасалған қолма-қол ақшасыз карточкалық төлемдер көлемінің 78% (бұрын 74%) немесе 1 678,5 млрд теңге – интернетте төлем төлеуге, ал 21% (бұрын 25%) – POS-терминалдар арқылы төлеуге (450,6 млрд теңге) келеді.
  • АФК Инновациялар мен қаржылық технологияларды дамыту орталығының директоры Константин Пактің айтуынша,cәуір айында экономикалық белсенділіктің айтарлықтай төмендеуінің басты себебі Қазақстандағы төлем карталары бойынша операциялардың жиынтық көлемі төмендеуін көрсетуі мүмкін. Дегенмен, байланыссыз жолмен төлеу үлкен ықтималдықпен, көлемі бойынша басым болады. Алдын ала болжанғандай, сәуір айында жергілікті e-commerce үлесі айтарлықтай өсті, соның ішінде бұл қазақстандықтардың көпшілігі жергілікті интернет-дүкендерге алғаш жүгіну тәжірибесінінің арқасында жүзеге асқан.