Қоғам • 13 Мамыр, 2020

Мұқтаждықтары бар тұрғындардың комуналдық шығынын өтеп беруде мәселе туындап отыр

604 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың 18 сәуірінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Коммуналдық қызмет көрсетушілерге шығындарды өтеу ережесін бекіткені белгілі. Өз кезегінде 22 сәуірде Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы тұрғындардың коммуналдық қызметтердің шығынын 15 мың теңгеден өтеу жөніндегі өтініштерді қабылдайтын байланыс орталығын ұйымдастырған-ды.

Мұқтаждықтары бар тұрғындардың комуналдық шығынын өтеп беруде мәселе туындап отыр

Осы бастамаға байланысты бүгін Алматы қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқарма басшысы Әсет Масабаев пен Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат Басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы баспасөз бирифингін өткізіп, төмендегідей мәселелерді мәлімдеді.

Бұған дейін қолданылып келген ережелерге сәйкес өтініш білдірген және жеке шоты бар мынадай санаттағы адамдарға беріліп келді:

- 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектер;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- көп балалы отбасылар;

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

-  мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

- ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын жалғыз басты зейнеткерлер;

- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар. 

Аталған санаттарға жататын адамдардың тізімін Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы дайындады.

10 мамырдағы жағдай бойынша Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы шығындардың өтелуіне құқығы бар адамдардың санын 62 мыңнан 119 мыңға дейін өзгертті.

Бүгінгі күні Энерготиімділік басқармасының байланыс орталығында 148 мың қоңырау тіркелді, оның ішінде 17 505 өтініш мақұлданды.

Өтініштерді қабылдау барысында бірқатар проблемалық мәселелер туындады. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын көптеген қала тұрғындары жеке есеп шоттарын өзіне емес, отбасы мүшелерінің біріне рәсімдеген.

Осыған байланысты, өңірлер мен Алматы қаласы Ережеге жеке шот отбасы мүшелерінің біріне ресімделген кезде шығындардың өтелу мүмкіндігіне қатысты өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар берді.

Министрлік аталған ұсыныстарды толық көлемде қолдады (2020 жылғы 10 мамырда өзгерістер енгізілді).

Биылғы жылғы 10 мамырдағы министрліктің  өзгертілген бұйрығының 6-тармағына сәйкес «Өздерінің жеке шоттары немесе өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке шоттары болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша шығындардың өтелуіне құқығы бар адамдардың санаты».

Бұл ретте, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 3-бабының 1) тармақшасында Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы: отбасы мүшелері: ерлі-зайыптылар, ата-аналар және балалары арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейтіні қарастырылған.

Осылайша, Кодексте ата-анасы, ерлі-зайыптылар, олардың балалары отбасы мүшелері  болып танылған, осы орайда Ережеде коммуналдық қызметтер төлемдерінің өтелуі үшін мұқтаж адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелері өтініш беруге құқылы деп көрсетіледі.

Сонымен қатар, қала тұрғындары үшінші тұлғалардан тұрғын үйді жалға алатын мұқтаждар санатындағы адамдардың шығындарын өтеу мәселесін көтеруде. Бұл мәселеге қатысты әкімдік оларды шығындардың өтелуіне құқығы бар адамдардың санатына қосу жөнінде ұсыныс енгізген. Өкінішке орай, тұрғын үйді жалға берудің ашық болмауына және нақты мәліметтердің болмауына байланысты бұл ұсыныс қолдау таппады.