Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Маңғыстау: Биыл I тоқсанда 1,5 млрд теңге әлеуметтік төлемдер жүргізілді

327 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиал басшысы Нұрсұлу Конбаева мәлімдеді.

Маңғыстау: Биыл I тоқсанда 1,5 млрд теңге әлеуметтік төлемдер жүргізілді

- Маңғыстау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (МӘСҚ) 2020 жылдың І тоқсанында 8463 алушыға жалпы сомасы 1,5 млрд теңге әлеуметтік төлемдер жүргізді, оның ішінде:

- еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша 310 алушыға 7,1 млн теңге;

- асыраушысынан айырылуы бойынша 46 алушыға 2,4 млн теңге;

- жұмысынан айырылуы бойынша 2 381 алушыға 75,5 млн теңге;

- жүктілігі және босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы бойынша 2 444 алушыға 1,3 млрд теңге;

- бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне 3 282 алушыға 117,1 млн теңге төлем алды, деді филиал басшысы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай (ТЖ)  енгізілу кезеңінде шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін қорғау (карантин режимі енгізілген) жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап кірісінен айырылуы жағдайына 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем жүргізілуде.

Филиал басшысы Нұрсұлу Конбаеваның мәлімдеуінше, бұл ретте, мемлекеттік органдардың, акциялары және жарғылық капиталындағы үлестері тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлеріне аталған төлем төленбейді.

- Маңғыстау облысы бойынша 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындауға 407 719 өтініш түсті,  олардың ішінде барлығы 154 017 адамға тағайындалды, жалпы сомасы  6,5 млрд теңге. Осылайша, ТЖ кезеңінде МӘСҚ қаржысы есебінен халыққа айтарлықтай әлеуметтік көмек көрсетілді. Жұмыс берушілер олар үшін МӘСҚ уақтылы әлеуметтік аударымдар төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары аталған төлемді уақтылы және толық көлемде алды. Сонымен қатар, біздің өңір бойынша 2 807 адамға әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартылды. Бас тартудың негізгі себептері - ТЖ енгізілгенге дейін соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ әлеуметтік аударымдардың түспеуі, екі және одан да көп жұмыс берушіден табыс алуы, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, еңбек немесе кәсіпкерлік жұмысын жалғастырған (оның ішінде қашықтықтан жұмыс істеген) немесе төленетін демалыс берілген/ төленетін жұмыстарының бірі тоқтап тұрған жағдайда, бюджеттен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы,  сондай-ақ МӘСҚ әлеуметтік төлемнің басқа да түрін алушылар, ТЖ енгізілгеннен кейін БЖТ алғаш рет төлегендер, деді ол.

Айтуынша, 42500 теңге төлем ТЖ кезеңінде кірісінен айырылуы жағдайына тағайындалады.

Осыған байланысты, аталған төлемді тағайындауға өтініш бергенде ТЖ кезеңінде кірісінің болмауы туралы  жалған ақпарат бергені үшін әрбір азамат жауапты болады.

Маңғыстау  өңірі бойынша 1652 (адам) адал ниетті алушылар аталған төлемді ТЖ кезеңінде кірістерінің болуына байланысты өз еріктерімен қайтарған. Оның айтуынша, экономикалық және әлеуметтік тәуекелдер аяқ астынан болуы мүмкін, сондықтан әлеуметтік сақтандырылған адам жұмыс істемейтін адамдарға қарағанда басымдыққа ие болады. Егер жұмысқа тұрғанда әрбір азамат ресми түрде еңбек шартын жасаса, онда жұмыс беруші автоматты түрде өзінің қаржысы есебінен МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төлейтін болады және әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда аталған азаматтар мемлекеттен тиісті әлеуметтік көмек алатын болады.

- Осы жылы 12 мамыр күнгі жағдай бойынша 96 067 облыс тұрғындары «42 500 теңге» төлемінің екіншісін алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда,дейді филиал басшысы.