Ақтөбеде Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған еліміздің драма театрларының ХХI республикалық фестивалі ашылды. Бес күн бойы жүретін фестивальдің мақсаты қазақтың атақты жазушысы, драматургі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері Тахауи Ахтановты еске алу елімізде театр өнерін насихаттау, дәстүрлі театр өнерін дамыту, дарынды әртістер мен режиссерлерді ынталандыру, қазіргі заманғы сахна өнерініндегі жаңа бағыттарды анықтау, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге атсалысу болып табылады.

Ақтөбеде Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған еліміздің драма театрларының ХХI республикалық фестивалі ашылды. Бес күн бойы жүретін фестивальдің мақсаты қазақтың атақты жазушысы, драматургі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері Тахауи Ахтановты еске алу елімізде театр өнерін насихаттау, дәстүрлі театр өнерін дамыту, дарынды әртістер мен режиссерлерді ынталандыру, қазіргі заманғы сахна өнерініндегі жаңа бағыттарды анықтау, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге атсалысу болып табылады.
Фестиваль шымылдығы «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының ғимаратында өткен «Тахауи Ахтанов – қазақ әдебиетінің классигі» атты ғылыми конференциямен ашылды. Ғылыми конференцияны жүргізіп отырған белгілі ақын, «Шамшырақ Ақтөбе» ЖШС директоры Мейірхан Ақдәулетов «Тахаңның тойы – парасаттылықтың тойы. Ол қандай да құрметке, қандай да марапатқа лайық тұлға. Жазушының мерейтойын халықаралық деңгейде ұйымдастырса да артық болмас еді», деп айрықша атап өтті.
Ақын Ертай Ашықбаев «Тахауи Ахтанов – ерекше талант» атты баяндамасында негізінен жазушының қазақ әдебиетінің алтын қорын байытқан кесек туындылары – «Қаһарлы күндер», «Боран» және «Шырағың сөнбесін» романдарын жан-жақты талдады.
Ол жазушының драматургиясына да тоқтала кетті. Еліміздің драма театрларында оның «Күшік күйеу» пьесасының 100 рет сахналанғанын, «Махаббат мұңы» пьесасы негізінде түсірілген фильмде қазақтың талантты ақыны Төлеген Айбергеновтің 12 өлеңі оқылғанын, «Дос-Мұқасан» ансамблінің орындауындағы 20 ән қамтылғанын тілге тиек етті.
Тараз гуманитарлық-техникалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ «Т.Ахтанов – қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы» деген баяндамасында жазушының әдебиетке деген адалдығын алға тарта сөйледі. Ахтановтың да әдебиет әлеміне өлеңмен келіп, кейін Қасым Аманжоловтың «өлең жазуды қойсаң қайтеді» деген бір ауыз сөзіне құлақ асып, прозаға бірыңғай бет бұрғанын мысалға келтіре отырып, әдебиет тазалығы жолындағы қарекеттерін еске түсірді. Жазушымен ағалы-інілі болып сыйласқан белгілі қаламгер Қажығали Мұхамбетқалиев әдебиетке деген адалдығы, кісілік келбеті хақында ой өрбітті. Оның қайраткерлігі, азаматтығы Әуезовке қатысты дау-дамай туындаған кезде айқын көрінгенін, бәтуәлі сөзін айтып, Әуезовті жаладан қорғап шыққанын айтты. Тахаңның «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей әдебиетке келгенде жалтақтамай тура айтатын қасиетін қадірлейтінін жеткізді. Ақын Сейфолла Оспанов жазушының азаматтығы туралы сөз қозғады. Тахауи Ахтановтың талантты тұлғалар Бердібек Соқпақбаевқа, Мұқағали Мақатаевқа жасаған қамқорлықтары жайлы әңгімеледі.
Фестивальдің ашылу салтанатына жиналғандар Тахауи Ахтанов атындағы көшенің бойында жылдың аяғына дейін қазақ әдебиетінің классиктері – жазушы Тахауи Ахтанов пен ақын Қуандық Шаңғытбаевқа орнатылатын ескерткіштің тұғыртасы қалану рәсіміне қатысты.
Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры алдындағы әсем безендірілген алаңда ұйымдастырылған фестивальдің салтанатты ашылуында сөз алған Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Роза Кәріпжанова фестивалді ұйымдастыруға ұйытқы болған облыс әкімдігіне министр Мұхтар Құл-Мұхаммедтің алғысын жеткізді. Дәстүрлі өткізіліп келе жатқан драма театрлары фестивальінің ұйымдастырылуына ризашылығын білдірді. Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова фестивальға қатысушыларды құттықтап, өнер жолында сәттіліктер тіледі.
Одан кейін қазылар алқасының және фестивальді ұйымдастырушылардың қатысуымен баспасө