Қоғам • 13 Мамыр, 2020

Алматыда дәрігерлерге арналған екінші мурал салынды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда тек бір Алматының өзінде тәулікпен санаспай, үйлерінің бетін айдан астам көрмей, індетпен күресіп жатқан 3,5 мыңнан астам медицина қызметкері бар.

Алматыда дәрігерлерге арналған екінші мурал салынды

Қаламыздың жас суретшілері қауіпті індетпен күресіп жүрген осынау дәрігерлерге арнап сәуір айында бірінші муралды салған еді. Муралдың алғашқысы қаладағы Құрманғазы мен Ә.Шәріпов көшелерінің қиылысындағы тұрғынүйдің қабырғасында пайда болды.

Осы күндері қалада екінші мурал салынып, бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік парақшасында: «Біздің суретшілер коронавируспен күрестің, Жерді құтқарып қалудың символын бейнелейтін мурал салды. Бұл – денсаулығымыз бен қауіпсіздігімізді қорғауда жанын пида етіп жүрген дәрігер, әскерилер мен полицейлерге алғыс ретінде салынған қаладағы екінші граффити» деп алғыс сезіммен жазады.

Міне, осылайша әлі де күн сайын, сәт сайын медицина қызметкерлері өз бастарын қатерге тігіп, COVID-19-ға қарсы күресте алдыңғы шепте еңбек етіп жүр.

Алматылықтар қауіпті індеттің беті қайтып, өміріміз қалыпты арнаға түскенде, осы муралға қарап, ақ халатты абзал жандардың басынан кешкен күндерді ерекше ризашылықпен еске алып отыратын болады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024