Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Маңғыстау: Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы жайы айтылды

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында 2019 жылғы ІV тоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 16,1 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші (экономикалық тұрғыдан белсенді халық) санына шаққанда 5% құрады.

Маңғыстау: Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы жайы айтылды

2020 жылғы наурыздың соңына жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 12802 адамды құрады, экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 4% құрады.

Ал 2020 жылғы І тоқсанда бір қызметкерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 323642 теңгені құраса, алдыңғы жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,4%-ға көбейді, нақты жалақы индексі 105,9%-ды құраған.