25 Қыркүйек, 2013

Жаңа рәміздермен таныстырды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астанада Қазақстан Коммунистік халық партиясының жаңа рәміздерін таныстыру рәсімі өтті.

 

Кеше Астанада Қазақстан Коммунистік халық партиясының жаңа рәміздерін таныстыру рәсімі өтті.

Бұл ұйым мүшелері үстіміздегі жылғы 1 маусымда өткен VIII кезектен тыс съезінде партияның нормативтік құқықтық құжаттарын, жаңа бағдар­ламасы мен жаңа жарғысын қабылдаған болатын. Сол өзгерістердің аясында, заман талабына сай ілгерілеу мақсатымен олар партия рәміздерін жаңартуды да жөн көріпті. Таныстыру барысында Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Коммунистік халық партия­сы Орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков жаңа рәміздердің мән-мағынасын түсіндіріп өтті.

Мұнда бейнеленген бесбұрышты жұлдыз партияның ең нақты басым­дық­тарын белгілейді. Ол – халық билігі, еңбек құқығы, әлеуметтік әділет­тілік, саяси теңдік пен интерна­цио­налдылық», деді ол.

«Қазақстан Коммунистік ха­лық партиясы» қоғамдық бір­лес­тігі – коммунистік идеяны қол­дай­тын Қазақстан Республикасы азамат­тарының біріккен ерікті бірлестігі. Ол жұмысшылар мен шаруалардың, интеллигенцияның және барлық еңбек адамдарының мүдделерін қорғайды.

Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар