25 Қыркүйек, 2013

Жалаулы жарыстар

250 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Футбол. Өткен сенбі-жексенбі күндері Қазақстан чемпионатының кезекті туры ойындары ойналды.

Премьер-лига. 27-тур. 21 қыркүйек. «Ақтөбе» – «Астана» 2:0, «Восток» (Өскемен) – «Жеті­су» (Тал­дықорған) 0:0, «Тараз» – «Аты­рау» 1:1, «Ақжайық» (Орал) – «Тобыл» (Қостанай) 1:3, «Ер­тіс» (Пав­лодар) – «Ордабасы» (Шымкент) 3:0. 22 қыр­күйек. «Қайрат» (Алматы) – «Шах­тер» (Қарағанды) 3:3.

Көш басында 33 ұпаймен «Ақтөбе» тұр.

Футбол. Өткен сенбі-жексенбі күндері Қазақстан чемпионатының кезекті туры ойындары ойналды.

Премьер-лига. 27-тур. 21 қыркүйек. «Ақтөбе» – «Астана» 2:0, «Восток» (Өскемен) – «Жеті­су» (Тал­дықорған) 0:0, «Тараз» – «Аты­рау» 1:1, «Ақжайық» (Орал) – «Тобыл» (Қостанай) 1:3, «Ер­тіс» (Пав­лодар) – «Ордабасы» (Шымкент) 3:0. 22 қыр­күйек. «Қайрат» (Алматы) – «Шах­тер» (Қарағанды) 3:3.

Көш басында 33 ұпаймен «Ақтөбе» тұр.

Хоккей. Құрлықтық хоккей лигасы Шығыс дивизионында ойнап жатқан Астананың «Барыс» командасы 22 қыр­күйекте Екатеринбургтің «Ав­то­мобилисін» қабылдап, 7:2 (2:2, 2:0, 3:0) есебімен жеңіске жетті. Жерлестерімізден Роман Старченко (2), Талғат Жайлауов (2), Найджел Доус, Федор Полищук және Михаил Рахманов мергендіктерімен көзге түсті. Матчтағы алғашқы екі голды екатеринбургтік Александр Стрельцов және Тобиас Виллунд соқты. Астаналықтар содан кейін жауапсыз 5 шайба түсірді.

«Барыс» қазір 18 ұпаймен бұрын­ғы­сынша өз тобында бірінші болып келеді.

Теннис. Қазақстандық Михаил Кукуш­кин Түркияның Измир қаласында өткен «Челленджер» сериясы турнирін жеңіп алды. Ол финалда итальян Лука Со­ренсенді 6:1, 6:4 етіп тізе бүктірді. Ми­хаил финалға дейінгі іріктеу сайыс­тарында босниялық Мирза Басич пен беларусь Дмитрий Жирмонтты жарыс жолынан шығарып тастаса, ширек финалда тунистік Малек Джазириден басым түсті (5:7, 7:6, 6:4). Ал жартылай финалда әлем­нің сегізінші ракеткасы итальян Фла­вио Чипполуды үш сетте (5:7, 6:1, 6:4) ұтты.

Осы аралықта Лондонда Дэвис кубо­гының 2014 жылғы әлемдік тобының жеребесі тартылды. Ол Кубок сайысының бірінші кезеңінде Қазақстан мен Бельгия құрамаларын қарсылас етіп шығарды. Матч келер жылғы 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтеді. Қабылдаушы жақ Қазақстан болады.

Паралимпиялық ойындар. Гол­лан­дияның Стадсканаал қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік IWAS-2013 ойын­дарының алғашқы үш күнінде Қазақ­стан паралимпиялық құрамасының қор­жынына бес медаль түсті. Мұнда Зүлфия Ғабидуллина 50 метрге брасс әдісімен жү­зуде – алтын, 50 метрге шалқалай жү­зуде күміс медальдар алды. Ал Равиль Ман­суров ядро лақтыруда алтын медальға қол жеткізсе, Ирина Тыщенко – күміс, ал Павел Сидорчук диск лақтыруда қола ме­дальды еншіледі.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар