«Ертеңнен, 14 мамырдан бастап Мәскеудегі Өзбекстанның елшілігі мен Ресейдің аймақтарындағы Бас консулдығы Ресейдің барлық аймағында жүрген өзбек азаматтарына біржолғы көмек төлей бастайды. Қаржы елшіліктің қайырымдылық шотынан алынады», деп хабарлады Ресейдегі Өзбекстанның елшілігі Телеграм каналында.
Төлемдер мүгедектерге, 2 жастағы бөбегі бар көп балалы аналар мен жүктілік мерзімі жеті айдан асқан әйелдерге, COVID-19 диагнозы бар азаматтар мен Ресей университеттерінің күндізгі студенттеріне төленеді.
Бір реттік көмек Ресейде белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріне тең болады - 12 130 рубль ($165).
Ақша алу үшін өтінімді өзбек және орыс тілдерінде жұмыс жасайтын mehr.rf электрондық порталы арқылы жіберу керек. Өзбекстанның елшілігі апта сайын өзінің веб-сайтында және әлеуметтік желілерде шығындар туралы есеп жариялайды.
Ресейдегі Өзбекстанның елшілігі қайырымдылық көмек көрсеткен топқа, оның ішінде ресейлік кәсіпкер Әлішер Усмановқа алғысын білдірді.
Бұған дейін баспасөзде Шодиев халықаралық қоры Өзбекстаннан Ресейге көшіп келген мигранттарға көмек көрсеткені хабарланған.
Мәскеу мен аймақтағы өзбек азаматтарына азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді тегін жеткізетін «Саховат» орталығынан қаржы бөлінді.