Коронавирус • 13 Мамыр, 2020

Ресей вирус көп тараған екінші елге айналды, бүгін 10 мың адамнан анықталды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көршілес Ресейде коронавирус жұқтырған адамдар саны күн санап артып келеді. Бүгін Ресей АҚШ-тан кейінгі вирус ең көп тараған екінші елге айналды. 

Ресей вирус көп тараған екінші елге айналды, бүгін 10 мың адамнан анықталды

Соңғы тәулікте елде 10 028 адамның вирус жұқтырғаны анықталды, Ресейде барлығы 242 271 жағдай тіркелген.

Ел үкіметі жағдайдың қиындығына қарамастан осы аптадан бастап карантин шараларын жеңілдете бастады.  

Коронавирус жұқтырғандардың көбі ел астанасы Мәскеуде тіркелген. Қала мэрі Сергей Собянин жағдайды бақылауда ұстау үшін Мәскеуде карантин шараларын мамырдың соңына дейін ұзартты.

Вирус жұқтырғандардың саны көп болғанымен, Еуропа елдерімен салыстырғанда қайтыс болғандардың саны төмен. 2 212 адам індеттен көз жұмған.

Өлім санының аз болуын ел билігі батыс Еуропаның сәтсіз тәжірибесін зерттеу арқылы алған сабақтың нәтижесі деп түсіндірді. 

Елде жасалған сараптама саны да жоғары, барлығы 6 миллионға жуық адамды тексерген.

Әлемде барлығы 4 283 885 жағдай тіркелді. Коронавирустан қайтыс болғандар саны 293 157-ден асса, 1,5 млн адам індеттен емделіп шықты.