Ол Twitter парақшасындағы жазбасында Қазақстанның вируспен күресі белсенді әрекеттің үздік үлгісі екенін атап өтті.
«Қазақстанның COVID-19 дертімен күресте атқарған жұмысы белсенді әрекеттің үздік үлгісі. Күшті бақылау, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін қосқанда ауқымды тестілеу, деректерді цифрлық жинау, байланыста болғандарды уақытында анықтап, бақылауға алу, науқастарды тиісті емдеу және зерттеу» деп жазды Ханс Клюге.