Қоғам • 14 Мамыр, 2020

2,7 миллионнан астам адам төлемді екінші рет алды

209 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында 4,5 миллионнан астам адамға 42 500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілгенін тілге тиек еткен болатын.

2,7 миллионнан астам адам төлемді екінші рет алды

Енді ағымдағы жылдың 13 мамырдағы жағдай бойын­ша 2,7 млн-нан астам қазақ­стандық төтенше жағдай режі­мі кезеңінде табысынан айы­рылуына байланысты Мем­лекеттік әлеуметтік сақтан­дыру қорынан 42 500 теңге мөл­шерінде екінші рет төлем алды. Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің мәліметінше төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығында алынған. Екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін есептелген.

Яғни 16 сәуірге дейін өті­ніш берген азаматтар төтенше жағ­дай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мем­лекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, «42 500 теңге» төлемге екінші айда да үміткер бола алады. Ал 16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға үміткер бола алады.

Тағы бір айтары, тө­тен­ше жағдай режімінің тоқта­тылуына байланысты 2020 жыл­ғы 11 мамырда сағат 18.00-ден бастап «42 500 теңге» төлемін тағайындауға жаңа өтініштерді қабылдау аяқтал­ды.

Жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен бар­лық өтініштер белгіленген тәр­­тіппен қаралатын болады және өтініш төтенше жағ­­дай кезінде табысынан айы­­рылуына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер тағайын­­дау қағи­даларында көрсе­­тіл­ген шарттарға сәйкес кел­ген жағ­дайда «42 500 теңге» әлеу­мет­тік төлем та­ға­йын­да­лады және төленеді.

Бұрын берілген өтінішті қарау мәртебесін 42500.enbek.kz сайтынан білуге болады.