Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Қызылорда: Теңізді ауданының тіршілігімен танысты

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Арал ауданына барды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда: Теңізді ауданының тіршілігімен танысты

Министр Көкарал бөгеті басында 2005 жылы салынған құрылыстың проблемалы тұстарынан хабардар екенін жеткізді. Биыл министрлік тарапынан жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге қажетті қаражат бөлінді, жоба дайын болған соң бөгетті нығайту жұмыстары басталады.  

Сондай-ақ Экология, геология және табиғи ресурстар министрі САРАТС жобасына да тоқталды.

Екінші фазада су көлемі көбейіп, сәйкесінше балық шаруашылығы да дами түседі. Бүгінгі күні республика көлемінде су қоймаларының жағдайына зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Соған сәйкес, әр аймақтан нақты ұсыныстар берілу керек, - деді министр.

Көкарал бөгетінің арқасында бүгінде балық аулау көлемі 0,4 мың тоннадан 6 мың тоннаға дейін артқан және ауланатын балық түрлері көбейген.   

Министр мен облыс әкімі «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС және Арал балық өңдеу зауытында да болып, жұмысымен танысты.