Әлем • 14 Мамыр, 2020

Дүниежүзінде болған апатты жағдайлар: 12 мамыр

586 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл топтамада бір күнде дүниежүзінде болған табиғи апатты жағдайларды жариялап отырамыз. 12 мамырда болған ірі оқиғалар:

Ресейдің Чита қаласында жылдамдығы шамамен 25-35м/с болатын қатты жел болды. Салдарынан үйлердің шатыры бүлінген, ағаштар мен электр жарығы тартылған бағандар құлап, эдектр желілерінде апат болған. Синоптиктер 13 мамырдың екінші жартысы мен 14 мамырда Забайкал өлкесінде жылдамдығы 30м/с болатын қатты жел болады деп болжауда.

8

Украинаның Коломыя қаласында алапат дауыл соқты. Құмды дауылдан көшедегі жолдар көрінбей, екі көлік соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ. Қалада қауіптің сары деңгейі жарияланды.

7

Федеративті Сомали Республикасының Хиран ауданындағы Беледвейн қаласында көп мөлшерде нөсер жаңбыр жауды. Жаңбыр суының көптігінен Шабелле өзенінің су деңгейі көтеріліп, жергілікті жерде су тасқыны болды. 1000-ға жуық балалар мен олардың отбасылары үйсіз қалды. 200-ден аса адам эвакуацияланды. 27 ауданның 16 адамы қайтыс болды.

9

Прибалтикада, Ресейдің солтүстік-батыс аудандарында, Литва және Латвияда қар жауды. Латвиялық Бауск және Даугавпилс қалаларында жауған қар ел тарихындағы ең кеш жауған қар оқиғасы болып тіркелді.

9

Ресейдің Солтүстік батыс аудандарында суық атмосфералық фронттың өтуіне байланысты күн суытты. Калининград, Ленинград, Псковск, Новгород  сынды бірқатар облыстың аудандарында қар жауды.

9

Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Санта-Крус аралында магнитудасы 6,6 болатын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Лата қаласының оңтүстік шығысындағы Нендо аралынан 173 км жерде, ал гипоцентрі 112 км тереңдікте орналасқан.

9

Бурятияда қатты дауыл болды. 12 мамырдың екінші жартысында республикада қатты жел соқты. Жел Сосново-Озёрское ауылы мектебінің шатырын ұшырып әкеткен. Сондай-ақ басқа да ғимараттарға зақым келген.

9

Индонезияның Чикумпай Пурвакарта ауылындағы пластикалық бұйымдар шығаратын зауытта өрт болды. Тілсіз жау 10 өрт сөндіруші көліктердің күшімен 6 сағаттан кейін сөндірілген. Зауыттың 2 жұмысшысы қайтыс болды.

9