Парламент • 14 Мамыр, 2020

Бейбіт жиналысты тоқтатуға негіз болатын норманы алып тастауды ұсынды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарау барысында алты бапқа байланысты 16 түзету енгізуді ұсынды.

Бейбіт жиналысты тоқтатуға негіз болатын норманы алып тастауды ұсынды

Бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы жөнінде Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Сәрсенбай Еңсегенов баяндама жасады. Ол Заң жобасының бейбiт жиналыстар өткiзуден бас тарту негiздерiн айқындайтын 14 баптың 1 тармағының 10 тармақшасын алып тастау ұсынылатынын атап өтті.

–Бiздiң ойымызша, бейбiт жиналыстар өткiзу кезiнде тiршiлiктi қамтамасыз етуге байланысты мәселелер арнайы орындарды белгiлеген кезде қаралып ескерiлуi керек. Бейбiт жиналыстарды тоқтату негiздерi мен тәртiбi 18 бапта көзделген. Осы баптың 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес бейбiт жиналыстарға қатысушылардың күш қолдану әрекеттерiн жасауы, сондай-ақ бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушының бейбiт жиналысты ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiне қатысты осы заңның талаптарын бұзуы бейбiт жиналысты тоқтатуға негiз болады. Бұл – қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың өмірін қорғауға бағытталған маңызды норма. Оның заңда орын алуы жөн. Дегенмен қатысушы немесе қатысушылар тарапынан заң бұзушылық жойылған жағдайда бейбiт жиналыстарды жалғастыруға мүмкiндiк беру дұрыс деген ойдамыз. Сондықтан жоғарыда аталған норманы алып тастау және 18 бапты жаңа 4 тармақпен толықтыру ұсынылады, – деді Сәрсенбай Еңсегенов.