Төрт соттық жерге егілген, күтіп-баптап өсірілген есірткіге ұқсас өсімдіктің зерттеу қорытындысына сәйкес «ұйықтататын көкнәр» екені анықталған. Айғақты зат ретінде тәркілеп, жекелей санағанда 5,5 мыңға жуық түп, яғни 50 қап, ал салмағы 62 келіге жуық болған. Одан бөлек ауладағы тапшан үстінен мата қалташаға салынған айғақты заттар да алынған. Салмағы 45 грамм бұл зат «кептірілген көкнәр сабаны» болып шықты.
Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 296-бабымен (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусолармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Қария өзінің қылмысын толық мойындап, өсімдіктерді жеке басына пайдалану үшін еккендігін айтқан. Бас шарасы қолхатпен босатылды. Күдікті 80 жастағы қарияның осы тектес қылмыс жасап үш жылға сотты болғаны тергеу барысында анықталып отыр.
Түркістан облысы