Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

COVID-19: Кегеннен - 6, Талдықорғаннан - 1 науқас анықталды

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысында 7 адамнан коронавирус анықталды. Індет жұқтырған 1 науқас Талдықорған қаласының және 6 науқас Кеген ауданының тұрғындары екен.

COVID-19: Кегеннен - 6, Талдықорғаннан - 1 науқас анықталды

Анықталған 7 науқастың  алтауы бұған дейін ауырған адаммен белсенді қарым-қатынаста болса, 1 науқас өщін нашар сезініп, дәрігерге жүгінген.

- ПТР-талдау нәтижелері бойынша науқастардан COVID-19 диагнозы анықталды. Ауырған адамдар алдын ала оқшауланып, қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Қарым-қатынаста болған азаматтар анықталып оқшауланады және КВИ-ға зертханалық зерттеуден өтеді. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда. – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі .

Жалпы, осы сәтке дейінгі мәлімет бойынша Алматы облысында COVID-19 инфекциясының жұқтыру дерегі 190 адамға жетті.