Мақтаарал ауданына іс сапармен келген Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек күні кеше сол жиырманың алғашқы үйінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Айта кетейік, жаңа шағын ауданда алдағы екі айда жаңа 505 үй бой көтеретін болады. Сондай-ақ, мұнда 1500 орындық мектеп пен 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілмек. Бұдан бөлек, инфрақұрылымдық қажеттіліктер яғни, жол, су, газ құбырлары тартылып, сәулеті келіскен шағын ауданға айналады. Бауыржан Байбек Атакент кентіндегі эвакуациялық орталықтарға жайғастырылған Достық, Жеңіс, Фирдоуси, Жаңатұрмыс және Өргебас ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Ал Атакент кентінде орналасқан облыстық штабтың орталықтандырылған қоймасында аудан халқына көмек қолын созып жүрген еріктілермен кездесіп, пікір алмасты. Олардың Мақтааралдағы апаттың салдарын жою бағытындағы бастамаларына ризашылығын білдірді. Бүгінде орталықтандырылған қоймада жиналған 600 тоннадан астам гуманитарлық көмектің 150 тоннасы тұрғындарға үлестіріліп берілген.
Түркістан облысы