Кездесу барысында қос министрліктің өкілдерінен құралған топ Сардоба су қоймасының келешегіне қатысты пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен бірге отырыстың күн тәртібінде Өзбекстанның Піскем және Чаткал өзендерінің бойынан ГЭС салу мәселесі де қаралды. Екі елдің министрлері өз сөздерінде барлық мәселені ортақ түсіністікпен, бірлесе шешуге мүдделі екендіктерін білдірді. Жиынға қатысқан Түркістан облысы Мақтаарал, Сарыағаш, Келес аудандарының әкімдері каналды тазалау мәселесін көтерді. Жиынның негізгі бөлігі журналистердің қатысуынсыз, жабық есік жағдайында жалғасты.
Ақпарат құралдарына сұхбат берген Экология, геология және су шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан Сардоба су қоймасының ертеңіне қатысты нақты бір шешімге келмеген. «Біз бүгін өзбектердің осыған қатысты жоспарларын тыңдаймыз. Осыдан кейін шешім қабылдайтын боламыз», деді вице-министр.
Сондай-ақ вице-министр қазіргі таңда Шардара су қоймасына, Достық каналына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын мәлім етті.
Түркістан облысы