26 Қыркүйек, 2013

«Болашақты біз жасауымыз керек»

354 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 USL5034Бұл күнде қоғам тарапынан үлкен ынта тудырған «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа Саяси доктринасы жобасы кеше Теміртауда өткен аймақтық форумда қызу талқыланып, оған қатысушылардың бір тобы өз ойларын ортаға салды.

 

 USL5034Бұл күнде қоғам тарапынан үлкен ынта тудырған «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа Саяси доктринасы жобасы кеше Теміртауда өткен аймақтық форумда қызу талқыланып, оған қатысушылардың бір тобы өз ойларын ортаға салды.

Жас қауым өкілдерінің бұл басқосуына арнайы келіп, сөз кезегі алдымен тиген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек аталған маңызды құжаттың негізгі бағыттарын жан-жақты, тыңдаушылар пайымдауына түсінікті түрде баяндап берді. Ол өз сөзінде Доктринаның әр тезисі болашақ үшін жазылған, ол болашақ-прогрессивті және бәсекеге қабілетті буын екенін, партия соларға үміт пен сенім артатынын, себебі, бүгінгі бастамаларды жүзеге асырушылар болып табылатынын айтып, осындай биік мақсат жолында әрқайсысының қосар үлесі үлкен болуы тиістігі туралы ой тастады.

Қатысушылар атынан сөз сөйлеушілер: «Нұрқазған» кенішінің 22 жасар жетекшісі Мұрат Бөрібаев, «Сәтті қадам» әлеуметтік жобасын іске асыруға атсалушы Әсем Кенжебекова, өнертапқыш талапкер Сергей Алешин, Павлодар облысындағы Заңғар ауылдық округінің ең жас әкімі Хамза Оразбеков, «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТҰ атқарушы директоры Роллан Құспан Елбасының салиқалы сая­саты арқасында қалыптасқан экономикалық даму мен рухани өрлеудің жаңа қырларын және құндылықтарын айқындап, жинақтаушы тұрғысында қабылданған Доктринаның маңыз­дылығы жайлы пікір бөлісті, ұсыныстар партия басшылығына жеткізілді. Жас актер Асылхан Төлеповтің «Болашақ біздікі, болашақты біз жасауымыз керек», деген сөзі ду қол шапақталып қосталуынан бұл ойдың бәріне ортақтығы білінді.

Форумға қатысушылар өз­деріне арнайы ұйымдастырылған семинар-тренингте тәжірбие алмас­ты.

Айқын НЕСІПБАй,

«Егемен Қазақстан».

Қарағанды.

Соңғы жаңалықтар