Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

«Ұстаздар үйінің» қызметкерлері ардагерлермен кездесті

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Өрлеу» БАҰО» АҚ төрағасы Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы бастаған «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба шеңберінде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ директоры Садвакасова Раиса Аждарқызының бастамасымен «Ұстаздар үйінің» қызметкерлері Перуза Асылбек, Назерке Қарабалаева, Замзагул Омиралиева Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесіп, Жеңіс күнімен құттықтады.

«Ұстаздар үйінің» қызметкерлері ардагерлермен кездесті

Олар «ҰОС ардагерлері, тылдағы еңбеккерлер және соғыс балалары кеңесі» ҚҚ-ның менеджері Қаңтарбаева Майнұр апайдың ұсынысымен Әуезов ауданының тұрғындары, Ұлы Отан соғысының батырлары: Холкина Варвара Федоровнаны, Шаповала Григорий Ефимовичті, Керімқұлов Жаңбырбай Керімқұлұлын, Асқарбаев Жарқошы Наурызбайұлын Жеңіс күнімен құттықтап, сыйлықтарын ұсынды. Жастық шағын майдан даласында өткерген ардагерлер сұрапыл соғыс жылдарын, еске алды.

Ардагер Керімқұлов Жаңбырбай  18 жасында Оңтүстік Батыс фронтында «Катюша» зеңбірегінің оқтаушысы болғанын, Украин, Днепр, Польша, Болгария жерін фашистерден азат ету жорығына қатысып, елге 1947 жылы оралғанын баяндады. Ал, Асқарбаев Жарқошы атамыздың Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік міндетті Берлиннен асып, Жапон соғысына жалғасқан екен. Осындай аталарымыздың Бейбіт өмір үшін қан майданда арпалысқан, ұрыс даласында жолбарыстай айқасқан ерлігі ұрпақатан ұрпаққа аманат. Ардагерлер Жеңіс күнімен құттықтап келген ұжымға ризашылық сезіммен алғыстарын білдірді.

Бүгінгі ұрпақ Тәуелсіз еліміздің бейбіт өмірі үшін қан кешіп, мұз жастанған жауынгердің қасиетті рухына мәңгі қарыздар. Ерлігі аңызға айналған ардагерлерімізге тағзым етеміз. Жауынгер даңқы өшпейді.

12