Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Коуч форматында өткен вебинар

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ZOOM платформасында «Жас буын ұстаздардың ішкі әлеуеті» тақырыбындағы онлайн-вебинарды «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ тренері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақбота Қоңырова өткізді.

Коуч форматында өткен вебинар

Жас ұстаздарға сенім білдіру, мотивациясын жоғарылату, өзіне деген сенімін арттыруды мақсат еткен онлайн-вебинар Алматы қаласының білім басқармасының қолдаумен Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жанынан ашылған «Жас ұстаздар» қауымдастығының координаторы Светлана Шапкинаның ұсынысы негізінде ұйымдастырылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, тренер А.Қоңырова онлайн-вебинарды жоспарлау барысында «Жас ұстаздар» қауымдастығының өтініш-сұраныстарын негізге ала отырып коуч форматында жұмыс жүргізді. Алматы қаласы бойынша жас ұстаздар қатысқан онлайн-вебинарда жас мұғалімдердің жұмысында кездесіп отыратын ұстаздардың өздеріне деген сенімсіздігі, өз пікірлерін ашық білдіре алмауы, командалық жұмыс, көшбасшылық деген сұрақтардың төңірегінде мәселелер талқыланды.