26 Қыркүйек, 2013

Бағдары айқын

257 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Қостанай облыстық филиалының ХV кезектен тыс конференциясы өтті. Оған партияның барлық деңгейдегі ұйымдарынан 240 делегат қатысты.

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Қостанай облыстық филиалының ХV кезектен тыс конференциясы өтті. Оған партияның барлық деңгейдегі ұйымдарынан 240 делегат қатысты.

– Партия бастауыш ұйым­дардан басталады. Олардың жер-жерде атқарып отырған жұмысы еліміздегі үлкен игілікті істерге жалғасады, – деді конференция жұмысын жүргізіп отырған «Нұр Отан» партия­сы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асы­рудағы «Нұр Отан ХДП алға қойған жаңа міндеттер» туралы хабарлама жасаған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Римма Бектұрғанова жүзеге асқан жұмыстарға шолу жасады. Ол партияның бұрынғыдай үлкен аудиторияларда өтетін жиналыстардан, дабырлы шаралардан алыстап, халыққа, қарапайым адамдарға жақын келу керектігін тілге тиек етті. Ондай жұмыстардың Әулиекөл, Ұзынкөл аудандарындағы жақсы үлгісін де атап өтті. Бүгінде партияның жергілікті бастауыш ұйымдарына жұмыс жүргізуге қолайлы жағдайлар жасалған. Олардың кеңселері интернетке қосылып, көлікпен қамтамасыз етілген.

18 қазанда Астана қаласында жетекші партияның кезектен тыс ХV съезі өтеді. Онда қабылданатын Доктрина бүгінде бастауыш ұйымдарда және аудан­дық, қалалық филиалдар конференцияларында талқылануда. Оған Үкімет мүшелері мен Парла­мент депутаттары қатысып жатыр. Түрлі алаң­дарда, кәсіподақ, ардагерлер, әйелдер және жас­тар ұйым­дарында өткен талқылауларда Доктрина жобасының түрлі бөлімдеріне 27 ұсыныс айтылған.

Жиналғандарға партияның «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» Саяси доктринасы туралы облыстық «Костанайские новости» газетінің редакторы Сергей Харченко егжей-тегжейлі айтып берді. Док­трина көтеріп отырған адамзаттық, халықтық құн­ды­лықтарды сақтауға жастардың қатысуы жөнінде жас маман Наталья Шпагинаның сөзі де әсерлі шықты.

Конференция жұмысына «Нұр Отан» ХДП Ор­талық аппаратының жетекшісі Құмар Ақсақалов қатысып, сөз сөйледі. Партияның Астанада өтетін кезектен тыс ХV съезіне облыстан 85 делегат баратын болды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

Соңғы жаңалықтар