Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Қашықтан оқу кезінде тың әдістерді игерген ұжым

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты оқушылардың  қашықтан оқу режіміне көшуі еліміздің білім саласында жаңа технологияларды игерудің, жаңаша бастамалар мен ізденістерді танудың кезеңімен бетпе-бет келді.

Қашықтан оқу кезінде тың әдістерді игерген ұжым

«Қашықтан оқу бағдарламасын өз уақытында игеріп, балаларды сапалы біліммен қамтамасыз етуде мектеп ұстаздары осынау жауапкершілікті түсіне отырып, заманауи технологиялардың көмегімен тың материалдарды игерді деуге негіз бар. Осы тұста қашықтықтан оқытудың артықшылықтарына тоқтала отырып, интерактивті әрекеттесу формалары; сапалы білім алу; уақытты үнемдеу; территориялық шектеулер жоқ, яғни қай платформада да оқуға мүмкіндік беретін заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен құралдарын игерудің сапалы білімді жетілдірудегі артықшылықтары мол екендігіне көз жеткізе түсеміз, деген пікірімен бөліскен №178 лицей аға тәлімгері Мөлдір Умбеталиева «Елімізде төтенше жағдайға байланысты №178 лицейіндегі қашықтықтан білім алудың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталған М.Умбеталиева оқушылар кез келген тапсырманы орындап, қашықтықтан оқудың қыр-сырын меңгеруде. Лицей мұғалімдері оқушыларға бейнесабақтардан: Zoom,  Microsoft Teams, DarynOnline, bilimalmaty, bilimland, kundelik.kz сияқты неше түрлі платформаларда сабақтарын түсіндіріп, кері байланыс жасап отыр» деп атап өтті.

Сонымен қатар, лицей директоры  К.Х.Шадиевтің мектепішілік жиналыс, ата-аналар жиналысында керекті мағұлматтармен таныстырып,  барлық сұрақтарға жауап беріп, мотивация беріп отырғандығы ұстаздар үшін көптеген қиындықтарды қысқа мерзімде еңсеруге мүмкіндік берді. Ал балаларының  тезірек мектебіне оралуын тілеген ата-аналардың лицей басшылығына, ұстаздарға айтар алғысы шексіз. «Біз біргеміз» акциясында №178 лицей ұжымы белсенді қатысып, тұрмысы төмен отбасыларына, ерекше мұқтаж жандарға, көп балалы аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек ретінде азық-түлікпен, планшет, интернет жүйесімен қамтамасыз етті. Осы орайда «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» дегендей ұжымның алар асу биік» деп атап өтті М.Умбеталиева.

 

АЛМАТЫ