Қазақстан • 14 Мамыр, 2020

18 мамыр күні «Күмістің мәңгілік сәулесі» атты виртуалды көрме өтеді

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 мамыр – Халықаралық музейлер күнінде Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдары берілген күмістен жасалған дипломатиялық сыйлықтар топтамасынан  «Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесін ұсынады. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» баспаөз қызметі хабарлады.

18 мамыр күні «Күмістің мәңгілік сәулесі» атты виртуалды көрме өтеді

«Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесі сегіз тараудан тұрады, онда: асханалық күмістер, шайға арналған жиынтықтар, құмғандар, сәндік тәрелкелер, құмыралар, мүсіндер, қобдишалар және жазуға арналған заттар бар. Көрме барлығы 126 сақтау бірліктен тұрады.

«Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесінің экспонаттары заттардың шығу тегі географиясын, түрлі дайындау техникасын, бұйымдардың пішінін көрсетеді, әлемнің белгілі бір халқына тән әшекейдің дәстүрлі тәсілдерін терең түсінуге және зерделеуге мүмкіндік береді.

Жалпыға белгілі себептерге байланысты  «Күмістің мәңгілік сәулесі» көрмесінің электронды нұсқасы Елбасы кітапханасының сайтында ұсынылатын болады.