Технология • 14 Мамыр, 2020

Бейнелерді кодтаудың жаңа стандарты таныстырылды

1415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Huawei, Qualcomm және Samsung MPEG-5 Essential Video Coding стандартын әзірледі. MPEG-5 EVC - медиаиндустрияға арналған келесі буындағы бейне Huawei Technologies Co., Ltd, Qualcomm Incorporated және Samsung Electronics Co., Ltd MPEG-5 Essential Video Coding (EVC) - медиа индустрияның іскерлік және техникалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жаңа бейне кодтау стандартын шығаруды құптайды.

Бейнелерді кодтаудың жаңа стандарты таныстырылды

Компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің деректері бойынша, 4K UHD бейнесін алдыңғы стандартты кодектерге қарағанда үлкен сығымдық және тиімділік арқылы жеткізе отырып, MPEG-5 EVC көп экрандарға 4K, 8K, VR (Виртуалды Шындық), AR(Арттырылған Шындық) және HDR мазмұнын көрсетуге мүмкіндік бере келе, тұтынушылар күткен қызметтер деңгейін ұсынады.

Бұл жаңа стандартталған технологияның үш негізгі қатысушылары - Huawei, Qualcomm және Samsung жедел қабылдау мен қолдануға мүмкіндік беру үшін осы технологияны мультимедиа индустриясында әрі қарай жылжыту үшін жұмыс істейтін болады.

Олар сонымен қатар осы стандартты қамтитын маңызды патенттік талаптарға қатысты әділ, ақылға қонымды және кемсітпейтін шарттар ұсыну туралы міндеттемелерін растады.

MPEG-5 EVC стандарты - бұл ISO/IEC Moving Picture Experts Group (MPEG) –(Қозғалыстағы Бейне Сарапшылар Тобы) арналған бейнелерді кодтау стандарты.

MPEG-5 EVC стандарты 5G сияқты дамып келе жатқан жеткізілім хаттамалары мен желілері үшін тамаша бейне-кодек болады деп күтілуде, бұл кодтау жұмысын жақсарту арқылы үнемі өсіп келе жатқан аудиторияға жоғары сапалы бейне қызметтерін жеткізуге мүмкіндік беретін болады деп жоспарлауда.