Экономика • 14 Мамыр, 2020

Bek Air әуе компаниясы 670 тұтынушыға билет құнын қайтаруы тиіс

157 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

13 мамырда Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында «Бек Эйр» АҚ әуекомпаниясының өз тұтынушыларына билет құнын қайтару ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Bek Air әуе компаниясы 670 тұтынушыға билет құнын қайтаруы тиіс

Талап-арызды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (ТҚҚК) ұсынды.

Жауапкердің өкілі билеттерді тұтынушылардың арнайы тариф бойынша сатып алғандығын дәлелдей отырып, Комитеттің талабын мойындамай отыр. Әдетте әуекомпаниялардың шарттары бойынша, егер жолаушы өз кінәсі бойынша межелі орнына ұша алмаса (кешігіп, тіркеуден өтпесе, ұшақ бортына өтпеген жағдайда және т.б) арнайы тариф бойынша сатып алынған билеттердің құны қайтарылмайды.

Алайда, бұл жағдайда жолаушылар «Бек Эйр» АҚ әуекомпаниясының кінәсінен ұшып кете алмады. Сондықтан, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (86-бап) және әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау Ережелеріне (38-тармақ) сәйкес тасымалдаушының кінәсінен 10 сағаттан астам мерзімге кешіктірілген немесе рейстің күші жойылған жағдайда тасымалдаушы жолаушының таңдауы бойынша міндетті:

1) жолаушыны билетте көрсетілген межелі орнына дейін жақын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етуге;

2) жолаушыға билеттің толық құнын қайтаруға міндетті.

(Аңықтама. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 540 бұйрығымен бекітілген).

Сондықтан ТҚҚК бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және Азаматтарға қаражатты қайтару жөнінде шаралар қабылдауды жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, ТҚҚК-нің өтініші бойынша судья «Бек Эйр» АҚ-нан келесі отырысқа 300 млн теңге төленген туралы дәлелдемелерді ұсынуды талап етті.

Келесі отырыс 2020 жылдың 19 мамырына тағайындалды.

2020 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша ТҚҚК 670 тұтынушының мүддесін білдіреді, олар 44 млн теңгеден астам сомаға 1267 билет сатып алынған.

 

Комитеттің талап-арыз бойынша талаптары:

  1. Тұтынушылардың кінәсінен болмаған алдын ала сатып алынған билеттердің толық құнын өндіріп алуға «Бек Эйр» АҚ қызметтерін алушы тұтынушылардың құқықтарын мойындау.
  2. Тұтынушылардың кінәсінен болмаған әуерейстердің тоқтатылуы бұрын сатып алынған билет шығындардың толық құнын қайтаруға жауапкерді мәжбүрлеу.
  3. Тұтынушылардың пайдасына әуебилеттер үшін төленген соманы жауапкерден іздестіру.