Ең қысқа әңгіме • 15 Мамыр, 2020

Індетті тәртіп жеңеді

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Карантин режімі басталған 24 наурыздан бері Солтүстік Қазақстан облысында індетті жұқтырған 36 адам тіркелді. Соның 12-сі сырттан келгендер. Бұлар Мысыр, Ұлыбритания және Ресейдің Омбы, Қорған, Челябинск, Түмен облыстарынан келген жерлестеріміз. Қалған 24-і Петропавл қаласы, Мамлют, Тайынша, Қызылжар, Ғ.Мүсірепов аудандарының тұрғындары.

Індетті тәртіп жеңеді

Індетке ұшырағандардың бәрі №1 қалалық ауруха­на­­да­ғы инфекция бөлі­мі­­не жатқызылды. Мұн­да­ғы­ дә­рігерлер Ғ.Сыз­ды­­қо­ва, А.Қа­сыбаева, Ә.Омар­әлиев, медбикелер Штоль, Ши­­ро­ченко, По­бе­ре­жник, Сергеева, сани­тар-таза­лық­шылар Айтмағам­бетова, Қа­дырова, Рожкова, Баженова, Луценколар үй бетін көрмей, ауысымнан кейін үсті-бас­тары дизенфекцияланып, ар­найы көлікпен «Алтын Орда» қонақүйіндегі арнайы жасақталған нөмірлерге жеткізіліп отырды. Қазір провизорда 34 науқас жатыр, карантинде 53 және үй карантинінде 408 адам отыр.

Облыс әкімі Құмар Ақ­сақалов теледидардан жиі брифинг беріп, халықты үнемі карантин режімін сақтауға үндеп отырды. Ол кейбір еді­реңдеп сөйлейтін басшылардай емес, халықтан ыңғайсыз жағдай үшін кешірім сұрап, дәрігерлер мен полицейлердің қызметтеріне алғысын біл­дірді. «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе, соңғысы солай жүреді» демекші үлкен әкімнің үлгісімен кі­ші әкімдер де халықпен сөй­лесуде дипломатиялық әдепті сақтап, жұмсақ сөйледі. Мыса­лы, солардың қатарында қала әкімі Болат Жұмабеков пен оның орынбасары Асқар Хабибулинді айтуға болады.

Бүгінде Солтүстік Қазақ­стан облысы індетті жұқ­тырғандардың саны жағы­нан ең соңғы орында тұр. Жа­сыратыны жоқ, індет бас­талғанда алдыңғы орын­дар­дың бірінде болған еді. Қазір инфекциялық бөлімде 6 адам емделуде, ал 29 адам тәуір болып шықты. Бір адам Көкшетау қала­сындағы аурухананың инфек­циялық бөліміне жат­қы­зылған. Сонымен бірге каран­тиндік режімнің шектеулері де мұнда барынша азайтылып, халық еркін тыныстай бастады. Осы жетістіктің бәрі – тәртіпке мүлтіксіз бағынғанның пай­да­сы, әрине. Ал оған қол жет­кізуде халықтық дипломатия да өзінің рөлін атқарды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы