Қазақстан • 15 Мамыр, 2020

ВАК мемлекеттік органдарға анықтамаларды алып тастау жұмыстарын жалғастыруды ұсынды

88 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысында мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер тізілімінен бірқатар анықтамаларды алып тастау мәселесі талқыланды. Бұл жолы 24 түрлі ақпараттық анықтама туралы сөз болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ВАК мемлекеттік органдарға анықтамаларды алып тастау жұмыстарын жалғастыруды ұсынды

Цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Әділет Көшербаев атап өткендей, мемлекеттік тізілімде 694 қызмет болса, оның 49-ы анықтама.

«Бүгінгі таңда азаматтарға осы анықтамаларды бір мемлекеттік органға ұсынуы үшін оны екінші бір мемлекеттік органнан сұрауына  тура келуде. Бұл қағазбастылық пен бюрократияға әкеледі. Сондықтан мемлекеттік органғаазаматтың рұқсатын ала отырып, өз әріптестерінен ала алатын бірқатар анықтаманы жою ұсынылады», - деді Көшербаев.

Бұл ретте мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелердегі деректер базасын интеграциялау арқылы қажетті мәліметтерді ала алады. Ал ақпаратты басқа адам немесе негізгі ақпараттық жүйелерді пайдалануға рұқсаты жоқ ұйым сұратқан жағдайда, азамат үшінші тұлғасервисі арқылы өзі туралы мәліметтерді ұсынуға рұқсат бере алады немесе бас тарта алады.

Тізілімнен шығаруға ұсынылғандардың қатарында «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы», «Уақытша еңбекке жарамсыздығы», «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» және т. б.анықтамалар бар.

Ведомствоаралық комиссияның төрағасы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев отырысқа қатысушылардың назарын мемлекеттік органдардың осы процеске техникалық дайындығының маңыздылығына аударды.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға кеңес алу, анықтама алу және өтініш беру операцияларын онлайнға көшіру міндетін қойды. Біз бұл тұрғыда мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсету керек деп санаймыз. Сондықтан мемлекеттік орган өзі ала алатын анықтаманы жоюыкерек. Алайда, барлық мемлекеттік органдар бұған техникалық жағынан дайын болуы керек, содан кейін қажетті интеграцияны уақтылы өткізбеуіне байланысты жойылған анықтамаларды азаматтардан талап етпеуі маңызды»,-деп қортындылады Жұмағалиев.

Комиссияның осының алдындағы отырыстарының шешімімен 5 түрлі анықтаманың жойылғанын айтып өткен жөн. Олардың  қатарында: мекенжай анықтамасы, жоғары оқу орнын және одан кейінгі білімді аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру және т.б. Осының нәтижесінде қағаз құжат айналымын 14 млн құжатқа қысқарту мүмкін болды.

Бұдан басқа, ВАК 25 анықтаманы тізілімнен шығару туралы шешім қабылдаған еді,  бүгінгі күні осы бағытта уәкілетті мемлекеттік органдар техникалық және заң шараларын реттеуде. Жылдың соңына дейін бұл анықтамаларжойылмақ.

Сонымен қатар, отырыста еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, қаржы, ішкі істер, денсаулық сақтау және т. б. салалардағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері қаралды.