Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Ақтау: өртке қарсы үгіттеу орталығының музейінде көрме өтті

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын дүниежүзілік қауымдастық 18 мамырда Халықаралық музейлер күнін атап өтеді. 1992 жылы өрт күзеті бөлімшесінде ашылған өрт сөндірушілердің музейі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ-де №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінде орналасқан. Маңғыстау тұрғындары және қала қонақтары музейде  экскурсияда болды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтау: өртке қарсы үгіттеу орталығының музейінде көрме өтті

Музейде экскурсиядан басқа, жиналыстар, конференциялар, және жеке құраммен сабақтар болып тұрады. Балаларға жылда «Өрттен сақтану» тақырыбында көрме ұйымдастырылады. Музейге Маңғыстау облысы бойынша әртүрлі экспонаттар, тарихи жәдігерлер, өрт күзетінің дамуы және жағдайы туралы құжаттар қойылған. Музей екі бөлмеден тұрады – қарапайым және тарихи залдардан. Музейдің негізгі бөлігінде өрт сөндіруге арналған құралдардың барлығы, өртте табылған заттар, өрт кезінде балқып күйген костюмдерді табуға болады.

Балалардың аса қызықтайтыны дабыл көтерілген мезгіл мен және үлкен өрт сөндіру техникалар, өрт сөндіру құралдары болды. Олар техниканың немен жабдықталғаны, қалай жұмыс жасайтындығын біледі. Өрт сөндірушілер өз кезегінде балаларға құтқару құралдарын, гидравликалық қайшы, кеңейткіш құрал,, домкрат сынды т.б. заттарды көрсетеді. Балаларға музейде орналасқан көрмелерде тұрған өрт сөндірушілердің өрт кезінде киетін арнайы киімдері көрсетіледі. Балалар арнайы касканы, киімдерді киіп көріп, өрт сөндіруші болсам деген ойға келеді, дейді аталған департаменттің баспасөз қызметінен Г.Ходжабекова.

 

 

Маңғыстау облысы