Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: Сегіз адамнан сырқат белгілері табылды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағанды облысында сегіз адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысы: Сегіз адамнан сырқат белгілері табылды

«Жаман тұмаудың» тырнағына іліккендердің бесеуі Қарағандыдан. Олар  1956, 1977 жылдары туған әйелдер, 1978 және 1985 жылғы ер адамдар және 17 жастағы бозбала.

Ауырғандардың екеуі Бұқар жырау ауданында тұрады. Екеуі де 1964 жылғы әйелдер. Сондай-ақ,  Шахтинск қаласының 26 жастағы тұрғынынан да індет белгілері табылды.

Бүгінге келіп түскен мәліметке сай, Қарағанды облысында COVID-19 дертін жұқтырғандардың саны 212 адамға жетті. Оның ішінде үш науқас қайтыс болды және 129 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

 

 

Қарағанды облысы