Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Мақтаарал: Су басқан ауылдардан 8 455 текше метр су шығарылды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданында су басқан Нұрлыжол, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс ауылдарынан жалпы 8 455 текше метр су шығарылған.

Мақтаарал: Су басқан ауылдардан 8 455 текше метр су шығарылды

Нәтижесінде ауылдардағы су деңгейі 3-4 сантиметрге төмендеді. Төрт ауылда су деңгейі 44-50 сантиметр, ал Өргебас ауылында 10 сантиметр деңгейінде қалып отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бастаған мамандар Мақтаарал ауданындағы су басқан аймақтардағы залалсыздандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын қатаң бақылауға алған. Мамандар Фирдоуси ауылындағы жалпы орта мектептің жертөлесі мен мектеп ауласын судан тазарту жұмыстарын тексеріп, Өргебас және Жеңіс ауылдарындағы егістік алқаптарды судан босату жұмыстарын талқылады.

Айта кетелік, су басқан ауылдарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 1626 адам, 17 қайық, 324 бірлік техника, 217 дана су сорғы жұмылдырылған.

 

 

Түркістан облысы