15 мамыр - Халықаралық Отбасы күні. Осыған байланысты Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру» отбасы институтын зерттеу орталығы қазақстандық көп балалы отбасылардың жағдайын және дамуын зерттеу нәтижелерін жария етті.

«Сіз үшін отбасы нені білдіреді?» деген сұраққа, сұралған қазақстандықтардың жалпы санының 73,1%-ы отбасын өмірдің мәні ретінде санайтынын айтқан. Сондай-ақ танымал жауаптар: 39% – «әулеттің ертеңі», 29% – «бақыт пен махаббат», 16,9% – «жауапкершілік пен міндеттемелер», 7,9% – «қоғамның негізі» және 1,6% – «жалғыздықтан құтқару» деп жауап берді.
Әйелдердің 75,1%-ы және ерлердің 51,3%-ы отбасын әулеттің ертеңі деп санайды екен.
«Ата-аналардың 69,3%-ы «олар көп балалы болғысы келді ме?» деген сұраққа, «Иә, мен әрқашан көп балалы болғым келді» деп жауап берді. Сұралған мыңдаған респонденттердің 65,2%-ы төрт баланы тәрбиелеуде, 34,8% – бес және одан да көп баланы тәрбиелеуде», - деп атап өтті отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Жұлдыз Батталова.
Отбасылық жұптардың көпшілігі (78,9%) өздерінің отбасылық қарым-қатынастарын «өте жақсы, біз бір-бірімізді сүйеміз және құрметтейміз» деп бағалапты.
Зерттеуде көп адам отбасылық қатынастарды нығайтатын маңызды сапа махаббаттан гөрі құрмет деп көрсеткен. Сұралғандардың 68,2% осылай санайды. Сондай-ақ, респонденттер арасында 90,2%-ы өміріне риза екендігін атап өткен, бұл ретте, ажырасқан адамдардың арасында өміріне ризалығын 73,9%-ы айтқан.
«70,4%-ы балаларды тәрбиелеуде күш қолдануға теріс қарайды, бұл орынды емес және дұрыс емес деп санайды. Қазақстандық ата-аналар өзара түсіністік, құрмет, махаббатты жоғары бағалаған», - деді Жұлдыз Батталова.
Айта кету керек, бұл зерттеу Қазақстанда алғаш рет өткізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша осы мәселеге мүдделі мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар үшін ұсыныстар әзірленетін болады.
ҚҚДИ «Рухани жаңғыру» Отбасы институтын зерттеу орталығы әлеуметтік институт ретінде отандық және халықаралық тәжірибені зерделеу, отбасының проблемалық аспектілерін шешу бойынша ұсыныстарды зерттеумен, талдаумен, әзірлеумен және Қазақстандық отбасылық саясаттың жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау үшін статистикалық және әлеуметтік деректер базасын құрумен айналысады.
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 16:10
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:03
Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
Өнер • Бүгін, 15:33
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 11:50
Ислам ойындарында Қазақстандық жүзуші алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Коронавирустан емделіп жатқан 9 науқастың жағдайы өте ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:45
1737 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 10:10
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Бір тәулікте 1239 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар