Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Қызылорда: Вахтадан келгендер арасынан вирус жұқтырғандар анықталды

231 реткөрсетілді

Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 237-ге жетті. Бүгінге дейін сауығып шыққандар саны 183 болып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов мәлімдеді.

- Бүгін жаңадан есепке алынған 5 науқас та Атыраудан вахталық жұмыстан оралғандар. Соңғы тәулікте барлығы 722 зертханалық сынама алынса, оның 462 сынамасы теріс мәнді болды. 5 сынама оң мәнді. Қалдық тест – 3850. Облыс бойынша эпидемиологиялық маусым басталғалы 21 259 сынама алынған, – деді ол.

Сондай-ақ, ауру жұқтырғандармен байланыста болған 3278 азамат анықталды. Оның 1806-сы жақын қарым-қатынаста, 1472-сі жанама байланыста болған.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар