Елорда • 15 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанға кіруге және қаладан шығуға кімдерге рұқсат берілді

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы санитарлық блокпосттар жұмысының жаңа алгоритмі 13 мамырдан бастап күшіне енді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Нұр-Сұлтанға кіруге және қаладан шығуға кімдерге рұқсат берілді

Алгоритмге сәйкес, қала аумағына шығуға/кіруге тыйым салуды қамтамасыз ете отырып, блокпостарда санитарлық-карантиндік бақылау жалғасуда, мыналарды қоспағанда:

халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;

ТЖ режимі алынып тасталғаннан кейін өз жұмысын қайта бастаған ұйым қызметкерлері;

карантин аймағына, одан тыс жерлердегі саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бара жатқан тұлғалар;

медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдар;

көктемгі егіс жұмыстарына жіберілген тұлғалар;

Ақмола облысының Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары;

ҚР басқа өңірлерінде тіркелген карантин аймақтарынан шығатын адамдар санитарлық блокпосттарда қажетті құжаттарды толтырғаннан кейін;

патрульдік полицияның еріп жүруінсіз жерлеу мақсатында карантин аймағын кесіп өтетін азаматтар;

шет мемлекеттердің азаматтары;

карантин аймағына немесе карантин аймағынан өздерінің кәмелетке толмаған балаларына бара жатқан тұлғалар; карантин аймағына немесе карантин аймағынан сырқат туыстарына күтім жасау мақсатында бара жатқан тұлғалар;

әуе рейсімен бара жатқан тұлғалар;

қалпына келтіру жұмыстары және су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін Түркістан облысына жіберілетін тұлғалар;

азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлардың жүк көліктері; транзит.

Сонымен қатар бекітілген құжатта карантин аймағын кесіп өту бойынша барлық түпкілікті шешімдерді жауапты қызметкерлер блокпостарда қабылдайтыны айтылған.