Спорт • 15 Мамыр, 2020

Шахмат: Әлем чемпионы жарыс өткізеді

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтан әлем чемпионы, Норвегияның мақтанышы Магнус Карлсен осы жылы элиталық деңгейде бірнеше онлайн-турнир өткізуді көздеп отыр. Бұл жарыстардың жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды.

Шахмат: Әлем чемпионы жарыс өткізеді

«Magnus Carlsen Invitational» деп аталатын алғашқы онлайн-турнир сәуір айының екінші жартысында басталып, 3 мамырда өз мәресіне жеткені өздеріңізге мәлім. Бұл тартыс айтулы новегиялық шахматышсының жеңісімен аяқталды.

Келесі жарыстың тұсауы 19 мамырда кесіліп, 3 маусымда аяқталады. Айтулы додада Магнус Карлсеннен бөлек, Лижэнь Дин, Хикару Накамура, Әлиреза Фиружа, Александр Грищук, Левон Ароян, Уэсли Со, Ян-Криштоф Дуда, Сергей Карякин, Вэй И, Юй Яньи және Данил Дубов сынды ойыншылар өнер көрсетеді. Алғашқы үш тәулік аралығында гроссмейстерлер айналмалы жүйе бойынша рапидтен 11 партия өткізеді. Солардың арасынан озып шыққан сегізі плей-офф сайыстарында бақ сынайды.

Одан кейін  «Online Chess Masters» (20 маусым – 5 шілде), «Legends of Chess» (21 шілде – 5 тамыз) және Grand Final (9-20 тамыз) бәсекелері ұйымдастырылады.