Спорт • 15 Мамыр, 2020

«Тоттенхэмнің» ойыншысы демеушілік көрсетуде

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тоттенхэм» клубының шабуылшысы Гарри Кейн Англияның төртінші дивизионында өнер көрсетіп жүрген «Лейтон Ориент» клубын өз қамқорлығына алып, сол ұжымның демеушісі болып тіркелді.

«Тоттенхэмнің» ойыншысы демеушілік көрсетуде

Атақты ағылшын футболшысының бұл командаға бекер көңілі түсіп отырған жоқ. 26 жастағы азаматтың спорттық карьерасы дәл сол «Лейтон Ориентте» басталған болатын. Кейіннен басқа бірқатар клубтардың жейдесін киген Кейн қазіргі кезде «Тоттенхэмнің» намысын қорғауда. 2015/16 және 2016/17 жылдарғы маусымдарда ол Англия Премьер-лигасының ең мерген шабуылшысы атағын жеңіп алды.

Сондай-ақ Гарри Кейн Англия ұлттық құрамасының капитаны. 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында ол ең мерген шабуылшы атанып, әлемнің шартты құрамасына енді. 2019 жылы айтулы команда УЕФА Ұлттар лигасында қола медальді иеленді.