Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Алматыда әзірге жалғыз ХҚО жұмыс істеп тұр

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин кезіндегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты Алматы қаласында халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын әлі бастаған жоқ.

Алматыда әзірге жалғыз ХҚО жұмыс істеп тұр

ХҚО-лар азаматтарға мемлекеттік қызметтерді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана көрсете бастайды.

Қазіргі таңда Алматы қаласында шағын және орта бизнес субъектілеріне қызмет көрсету үшін Шұғыла, 347/1 мекенжайында орналасқан бір ХҚО жұмыс істеп тұр.

«Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға өтінімді egov.kz порталы арқылы рәсімдеген азаматтар дайын болған құжаттарын Әуезов аудандық ХҚО-дан (Жандосов, 51) және мамандандырылған ХҚО-дан (Майлин, 85) алып кете алады. Аталған бөлімдерде тек дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді.

Egov.kz порталында онлайн брондау қызметі ХҚО-лар өз қызметін қайта бастаған өңірлер үшін ғана жарамды екеніне баса назар аударуды сұрайды. Алматы қаласы үшін ХҚО-лар ашылғанға дейін брондалған кезек жарамсыз.

Алматы қаласы бойынша ХҚО-лардың жұмысының қайта басталуы туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының gov4c.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және БАҚ-тарда қосымша жарияланатын болады. Өзекті ақпаратты қадағалап отыруды сұраймыз», дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары.