Спорт • 15 Мамыр, 2020

Желкенді спорттан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық желкенді спорт федерациясы 2020 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының өткізілмейтінін хабарлады.

Желкенді спорттан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды

Дүниежүзілік біріншілік жоспар бойынша Бразилияның Салвадорында 12-19 желтоқсан күндері өтуі тиіс еді. Халықаралық желкенді спорт федерациясы мен Бразилия желкенді спорт конфедерациясы коронавирус падемиясына байланысты әлем біріншілігін өткізбеу туралы шешім қабылдаған. 1971 жылы Швециядан бастау алған дода биыл жастар арасында 50-ші рет ұйымдастырылатын еді. Өкінішке қарай, желкенді спортынан бірінші рет жастар арасындағы маңызды дода өтпейтін болды.