Саясат • 15 Мамыр, 2020

Қазақстан-Моңғолия сарапшылары бейнеконференция форматында кездесу өткізді

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жиында сарапшылар осы жылдың екінші жартысында Ұлан-Батырда өтетін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысына дайындық жұмыстарын талқылады.

Қазақстан-Моңғолия сарапшылары бейнеконференция форматында кездесу өткізді

Кездесу барысында Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын ұйымдастыру, екіжақты құжаттарды дайындау, 7-ші ҮАК отырысының Хаттамасын орындау, сондай-ақ Моңғолия Премьер-Министрі У.Хүрэлсүхтың 2019 жылғы қазанда Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың нақты іске асырылуы жөніндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

ҮАК кезекті отырысының күн тәртібін толықтыру және алдағы екі жыл ішінде жан-жақты ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында мәселелерді егжей-тегжейлі талқылау үшін екі мемлекеттің салалық министрліктері мен ведомстволары сарапшыларының тұрақты кездесулерін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаев, моңғол тарабын – Монғолия Сыртқы қатынастар министрлігі Азия және Тынық мұхиты аймағы департаментінің директоры Э.Сарантогос басқарды. Бейнеконференцияға екі елдің шетелдік мекемелерінің басшылары да қатысты.

 

Қуат УАТХАН,

Моңғолия