Гүлнар осыдан бірнеше жыл отағасынан айрылып, 4 баламен қалған екен. Содан бері біраз қиындық көрген, тұрақты баспанасы жоқ отбасы пәтер жалдап келген. Кейін оған да шамасы жетпегесін вагонды паналаған.
Өткен аптада жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсету шарасында Гүлнар мен балалардың жағдайын көрген жергілікті журналистер БАҚ беттерінде, әлеуметтік желіде мәселе көтеріп, көпшіліктен көмек сұраған. БАҚ өкілдерінің өтінішімен іскер азаматтар Гүлнардың несиесін өтеп берді.
Облыс әкімінің тапсырмасымен бұлар әуелгіде әлеуметтік қолдау орталығына уақытша орналастырылса, кеше тұрақты да жайлы баспананың кілтіне ие болды.
Отбасы мерекесінде баспаналы болған Гүлнар мен балалары аймақ шексіз алғыстарын білдірді.