Қазақстан • 16 Мамыр, 2020

Синоптиктер еліміздегі қалалардың ауа сапасы туралы айтты

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 16 мамыр күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады.

Синоптиктер еліміздегі қалалардың ауа сапасы туралы айтты

Ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Балқаш қаласында күтіледі. Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ-да елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.