Әлем • 16 Мамыр, 2020

Түркіменстан ДСҰ-ға кіруге өтініш берді

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркіменстан Дүниежүзілік сауда ұйымына бақылаушы ретінде кіруге өтініш берді, деп хабарлады РИА Новости.  

Түркіменстан ДСҰ-ға кіруге өтініш берді

Түркіменстан Сыртқы істер министрлігі үкіметтің кезекті отырысында президент Гурбангулы Бердімұхамедов «Түркіменстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына бақылаушы ретінде кіруі туралы» жарлыққа қол қойғанын айтады.

Осылайша, мемлекет басшысы арнайы үкіметтік комиссияның Түркіменстанның ДСҰ-ға кіруі туралы ұсынысын мақұлдады, осы құжатқа сәйкес түрікмен тарапы ДСҰ-ның бас директоры Роберт Азеведтің атына ұйымға байқаушы ретінде кіру туралы өтініш хат жолдады. 

«ДСҰ-ға кіру рәсімдеріне сәйкес, Түркіменстанды ұйымға байқаушы ретінде қабылдау мәселесі жақын арада өтетін ДСҰ Бас кеңесінің келесі отырысында қаралады»,  деді Түркіменстан Сыртқы істер министрлігі.

Алғаш рет Түркіменстанның ДСҰ-ға кіруі туралы мәселені 9 жыл бұрын Еурокомиссияның сол кездегі басшысы Жозе-Мануэль Баррозу көтерген болатын.

2011 жылы Ашхабадқа жасаған сапарында ол Гурбангулы Бердімұхамедовті Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге Түрікменстаннан өтініш беруге шақырды.

Ашхабад ДСҰ-ға кіру ұлттық экономиканың дамуына серпін береді және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтеді деп санайды.