Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

Түркістан: Су шайған көпірлер қалпына келтірілді

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төлеби ауданы, Қасқасу елді мекенінде 3 көпір екі тәуліктің ішінде қалпына келтірілді. Зақым келген тағы бір көпір қысқа уақытта реттелмек.

Түркістан: Су шайған көпірлер қалпына келтірілді

Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің ұйымдастыруымен күні-түні жүргізілген тынымсыз жұмыстың нәтижесінде қысқа мезгілде өткелдер толық ретке келтіріліп, ауыл арасындағы байланыс ашылды. Елді мекендерде электр энергиясы және табиғи газбен қамту жағдайы да тұрақты. Сонымен қатар Төлеби ауданының Қасқасу, Кеңесарық, Қосағаш, Екпінді, Біркөлік, Киелітас, Достық және Леңгір қаласының аумағында орналасқан елді мекендерінде жиналған жаңбыр суынан тазалық жұмыстары жалғасуда. Тасқын судан зақым келген аудандық және облыстық маңызы бар көшелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, залал шығындары есептелуде.

Еске сала кетейік, нөсер жауынның салдарынан Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтеріліп, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 250 тұрғын үйлердің ауласын су шайған болатын. Орын алған жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайға байланысты, жедел штаб  құрылып, су басқан елді мекендерде тиісті жұмыстарды атқару үшін 4 сектор белгіленген-ді. Су басқан аймақтарды ретке келтіру жұмыстарына 300-ге жуық адам, 27 мотопомпа, 38 техника жұмылдырылған.

1

 

Түркістан облысы