Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

Түркістан: Індеттің шекара арқылы енуіне жол бермеу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанынан құрылған республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Төлеген Байгулов Сарыағаш ауданына қарасты «Қазығұрт» және «Жібек жолы» кеден бекеттерінде болып, кешенді мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Түркістан: Індеттің шекара арқылы енуіне жол бермеу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде

Мониторингтік топтың құрамында Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мен облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мен аталған кеден бекеттерінің басшылары, "Түркістан - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері болды. «Қазығұрт» кеден бекетінде бақылау-өткізу пунктінде мониторингтік топ  әлемді алаңдатқан індеттің шекара арқылы енуіне жол бермеу мақсатында қолға алынып жатқан қатаң шаралармен танысты. Кеден бекетінің басшысы Берік Мергенбаевтың баяндауынша, шекаралық өткізу пункттерінде дезинфекциялық жұмыстар 2 сағат сайын жүргізіледі және осы уақытта өткізу пункттері жабылып, аймақ тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін жүйелі жұмыстар атқарылады.

1

Ал «Жібек жолы» кеден бекетінде бекет басшысы Үсіпбай Нұралы көрші елден келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын,  жеңіл және ауыр жүк көліктері мен автобус қатынастарының да шешімі табылғанын жеткізді. Сондай-ақ, коронавирус індетімен күресу үшін кеден бекетінің өткізу пункттерінде тепловизорлық бейнекамералар мен қол өлшеуіштері бар инфрақызыл камералар орнатылған.

Республикалық кеңсе жетекшісі кеден бекеттерінде жүріп жатқан бүгінгі жұмыстарды оң бағалап, жолаушыларға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстарын жалғастыруға тілектестік білдірді.

Түркістан облысы