Сондай-ақ, Жоғарғы Қасқасу елді мекеніндегі «Қасқасу» өзені бойында орналасқан 4 көпірді су шайып кеткен болатын. Қазіргі таңда жобалық құны 82,8 млн теңгені құрайтын 4 көпірдің сметалық құжаттамалары әзірленген. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданын аралап, нөсерлі жауыннан зардап шеккен нысандарды ретке келтіру жұмыстарын тексерді. Ауданда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, арнайы комиссия жұмыс істеуде. Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев төрағалық ететін төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, су басқан елді мекендерде тиісті жұмыстарды атқару үшін 4 сектор белгіленген болатын. Әр секторға жауапты болып Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандарының әкімдері бекітілген. Орын алған жағдайды ретке келтіру мақсатында 293 адам, 27 мотопомпа, 38 техника жұмылдырылған.
Атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан облыс әкімі штаб жұмысына жоғары баға берді. Су тасқынынан зардап шеккен елді мекендер электр энергиясы және табиғи газбен тұрақты қамтылған.
Түркістан облысы